20.02.2026 16:33
Бернарду Силваға төрт клуб қызығушылық білдірді
20.02.2026 16:33
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва жазда клуб ауыстыруы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, 31 жастағы португалиялық ойыншы 30 маусымда аяқталатын «Манчестер Ситимен» келісімшартты ұзартпайды.
Қазіргі таңда оған «Барселона», «Атлетико», «Ювентус» және «Монако» көз тігіп отыр. Бернардудың өзі Испания Ла Лигасында ойнауды қалайды екен.
Силва осы маусымда 35 матчта екі гол соғып, бес нәтижелі пас берді.