13.06.2026 08:08
АҚШ Парагвайдан басым түсті
13.06.2026 08:08
Әлем чемпионаты бірінші турында АҚШ Парагвайды тізе бүктірді

Инглвудтағы «Соу-Фай» стадионында өткен кездесуде 4:1 есебі тіркелді. Турнир қожайындары сапында Фоларин Балогун дубль жасаса, Джованни Рейна бір гол соқты. Сондай-ақ Дамиан Бобадилья автогол авторы атанды. Ал Парагвай құрамында жалғыз Маурисио мергендік танытты.
D тобында одан бөлек Түркия мен Аустралия барын айта кетейік.