13.06.2026 01:56
Канада мен Босния және Герцеговина тең ойнады
13.06.2026 01:56
Әлем чемпионатының бірінші турында Канада мен Босния және Герцеговина тең түсті

Торонтода өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Алғаш болып 21-минутта Йово Лукич гол соғып, Боснияны алға шығарған еді. Бірақ 76-минутта алаңға тыңнан қосылған Кайл Ларин екі минуттан кейін гол соғып, турнир қожайындарына ұпай сыйлады.
В тобында одан бөлек Швейцария мен Қатар бар. Ол екеуі ертең, 13 маусым күні күш сынасады.