12.06.2026 19:37
Дибала «Ромада» қалады
12.06.2026 19:37
«Рома» шабуылшысы Пауло Дибала клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап бүгін кездесіп, 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзарту туралы нақты келісімге келді.
32 жастағы аргентиналық ойыншы «джаллоросси» сапына 2022 жылы «Ювентустен» еркін агент ретінде ауысып келген еді. Ол биылғы маусымда 27 матчта үш гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.