12.11.2025 09:33
Аргентина мен Франция кездесуі мүмкін
12.11.2025 09:33
Франция 2026 жылғы Әлем чемпионатының қарсаңында Аргентинамен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр

AlbicelesteTalk хабарлауынша, қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Бәрі сәтті аяқталса, ойын наурыз айында болуы мүмкін екен.
Аргентина мен Францияның жолы тарихта 13 рет түйіскен. Оның жетеуінде Аргентина жеңіске жетсе, үшеуінде Франция басым түсті. Ал қалған үш матч тең есеппен аяқталды.
Соңғы рет қос команда 2022 жылғы Әлем чемпионатының финалында кездесіп, Месси бастаған ұжым пенальти сериясы арқылы жеңімпаз атанған еді.