12.11.2025 01:06

Эндрик «Лионға» ауысады

12.11.2025 01:06

«Реал» Эндрикті «Лионға» жалға береді

Мадридтің «Реалы» жас шабуылшыны Францияның «Лион» клубына жалға беруге келісті. Бұл ақпаратты танымал инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

Келісім 2026 жылдың маусымына дейін күшінде болады. Онда сатып алу құқығы қарастырылмаған. Қазіргі уақытта футболшының өкілдері Францияда баспана іздестіру үстінде.

Ойыншының өзі де бұл шешіммен келіскен. Тұрақты ойын уақыты мен тәжірибе үшін үлкен мүмкіндік деп есептейді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram