11.11.2025 23:06
Ямальдың орнын басатын футболшы белгілі болды
11.11.2025 23:06
Бүгін, 11 қарашада Ламин Ямаль шап жарақатына байланысты қатардан шығып қалды

Осыған байланысты Испания құрамасына «Райо Вальеканодан» Хорхе де Фрутос шақыртылды.
Енді Фрутос алдағы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясындағы Грузия мен Түркияға қарсы ойындарға қатысуы мүмкін.
Айта кетейік, 28 жастағы шабуылшы осы маусымда 16 ойында алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.