11.11.2025 22:40

АПЛ 11-турының үздік ойыншысы белгілі болды

11.11.2025 22:40

«Манчестер Сити» вингері Жереми Доку Ағылшын Премьер-лигасының 11-турдағы үздік ойыншысы атанды

«Ливерпуль» (3:0) қақпасына бір гол соққан бельгиялық ойыншы дауыс беру нәтижесінде 40 пайыз көрсетішке ие болып, үздік атанды. Ал екінші орынға Дэн Баллард (21%) жайғасса, үздік үштікті Алехандро Гарначо (20%) түйіндеді.

Қалған бес үміткердің нәтижесі келесідей: Эмилиано Буендиа мен Игор Тиаго – 5%, Томаш Соучек – 4%, Кирнан Дьюсбери-Холл – 3%, Омари Хатчинсон – 2%.

Айта кетейік, турнир кестесінде 26 ұпай жинаған «Арсенал» көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram