11.11.2025 19:47
Месси бақытты сәттерін еске алды
11.11.2025 19:47
Месси: «Барселонадағы ең бақытты сәттерім тек жеңістермен байланысты емес»

Аңызға айналған футболшы Лионель Месси өзінің «Барселона» сапындағы ең бақытты сәттері туралы айтып берді. Sport басылымына берген сұхбатында ол клубтағы өмірінің ерекше кезеңдерін еске алды.
«Бір ғана сәтті бөліп айту қиын. Мен «Барселонада» көп ұлы сәттерді бастан өткердім. Әдетте адамдар бақыт туралы айтқанда, трофейлер мен жеңістерді еске алады. Пеп Гвардиоламен бірге жұмыс істеген уақыттар мүлде ерекше сезім. Сондай-ақ Луис Энрике жаттықтырған кездегі соңғы Чемпиондар лигасындағы жеңіс те ерекше. Бірақ бақыт тек титулдар емес. «Барселонада» өткізген уақытымның бәрі - мен үшін шынайы бақыт болды. Бұл менің футболшы әрі адам ретінде қалыптасқан жерім», - деді Месси.
Қазіргі таңда Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубының намысын қорғап жүр.