11.11.2025 18:17

Қазақстан Еуро-2026 іріктеу турнирін жеңіспен бастады

11.11.2025 18:17

Еуро-2026 турниріне бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Қазақстан U17 құрамасы сырт алаңда хорватиялық құрдастарын 2:1 есебімен жеңді

Біздің команданың сапында Ислам Рақым мен Руслан Әкімов қанжығасын майлады.

Енді отандастарымыз 14 қарашада Нидерландпен кездеседі. Одан соң араға үш күн салып, Албаниямен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, іріктеудің екінші кезеңіне топтың екі үздік ұжымы жолдама алады. Ал негізгі турнир 25 мамыр мен 7 маусым аралығында Эстонияда өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram