11.11.2025 16:17

Влахович Германияға баруы мүмкін

11.11.2025 16:17

«Бавария» Влаховичті өз қатарына қосуды көздеп отыр

Мюнхеннің «Бавариясы» шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр. БАҚ өкілдері таратқан мәліметтерге сүйенсек, команда «Ювентус» клубының шабуылшысы Душан Влаховичті өз қатарына қосуға қызығушылық танытқан.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, «Бавария» «Ювентус» клубымен екі мәрте байланысқа шығып, ойыншының трансферін талқылаған.

Влаховичтің келісімшарты алдағы жазда аяқталады. Сондықтан ол еркін агент атанады.

Шабуылшы ағымдағы маусымда 8 гол соғып, 1 нәтижелі пас беріп үлгерген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram