11.11.2025 14:44
«Аталантаның» жаңа бапкері белгілі болды
11.11.2025 14:44
«Аталанта» кеше бас бапкер Иван Юрич пен оның штабын қызметінен босатқан еді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, оның орнын Раффаэле Палладино басады. Қос тарап 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойыпты.
Юрич Бергамоның клубын өткен жаздан бері жаттықтырып келді. Осы аралықта команда төрт рет жеңіске жетіп, сегіз мәрте тең ойнап, үш матчта қарсыласына жол берді.
Ал Палладино 31 мамырда «Фиорентинадағы» қызметінен кеткеннен кейін жұмыссыз жүр. 41 жастағы маман одан бөлек «Монцаны» баптаған.
Айта кетейік, 11 ойыннан кейін 13 ұпай жинаған «Аталанта» Италия чемпионатында 13-орында келеді.