11.11.2025 14:25

Артём Довбик жарақат алды

11.11.2025 14:25

«Рома» шабуылшысы Артём Довбик қатардан шықты

Николо Скираның айтуынша, 28 жастағы футболшы сол аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты Украина құрамасының алдағы ойындарына қатыспайды. Ал алаңға шамамен 40 күннен кейін оралады деп күтілуде.

Украина осы айда 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында екі матч өткізеді. Алдымен 14 қарашада Францияға қонаққа барса, араға үш күн салып, Исландияны қабылдайды.

Довбик осы маусымда 14 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram