11.11.2025 14:02
«Манчестер Юнайтед» Эллиоттқа көз тікті
11.11.2025 14:02
«Манчестер Юнайтед» «Ноттингем Форест» жартылай қорғаушысын көздеп отыр

«Манчестер Юнайтед» клубы «Ноттингем Форесттің» 23 жастағы жартылай қорғаушысы Эллиотт Андерсонды өз қатарына қосуға ниетті. Бұл туралы танымал инсайдер Флориан Плеттенберг хабарлады.
Дереккөзге қарағанда, «Ноттингем Форест» Андерсонға деген «қызыл сойқандардың» қызығушылығынан хабардар. Дегенмен, әзірге «орманшылар» ойыншының бағасын төмендетуді жоспарламай отыр. Клуб оның трансферлік құнын 75 миллион фунт стерлингке бағалаған.