11.11.2025 15:42

«Ливерпуль» ойыншысына «Барселона» көз тікті

11.11.2025 15:42

«Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Райан Гравенберх мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін

Fichajes мәліметінше, 23 жастағы ойыншыға «Барселона» қызығушылық танытып отыр. Тіпті Каталонияның клубы Райанды қатарға қосу үшін бірнеше футболшысымен қоштасуға дайын екен.

Сондай-ақ Райанға көз тіккедердің қатарында «Реал» да бар.

Гравенберх осы маусымда 12 ойында үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram