11.11.2025 15:07
Ламин Ямаль қатардан шықты
11.11.2025 15:07
«Барселона» вингері Ламин Ямаль қатардан шығып қалды

18 жастағы ойыншыға шап тұсындағы жарақатына байланысты радиожиілік ем жасалған екен.
Осыған байланысты Испания құрамасының алдағы матчтарынан шет қалатын болды.
Ал «қызыл фурия» емнің еш ескертусіз жасалғанына қапалы. Федерация бұл жөнінде кеше ғана хабардар болыпты.
Ямаль осы маусымда 11 ойында алты гол соғып, алты нәтижелі пас берді.