11.11.2025 18:57
Роналду: ӘЧ-2026 – соңғы Әлем чемпионатым
11.11.2025 18:57
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ӘЧ-2026 соңғы Әлем чемпионаты болатынын айтты

– «Иә, 2026 жылғы Әлем чемпионаты мен үшін соңғы мундиаль болмақ. Бұған 100% кепілдік беремін. Сол кездің өзінде 41 жаста боламын»,– деді Криш.
Роналду осыған дейін жаһан додасында бес рет бақ сынап, топ жара алмаған еді.
Ал 2026 жылғы турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.