11.11.2025 19:37
Раффаэле Палладино «Аталанта» бас бапкері атанды
11.11.2025 19:37
Раффаэле Палладино «Аталантаны» тізгіндейді

Қос тарап 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
41 жастағы маман соңғы рет «Фиорентинаны» баптады. Оған дейін «Монцаны» жаттықтырған. Ал Бергамоның клубын маусым айынан бері Иван Юрич тізгіндеген еді.
11 ойыннан кейін 13 ұпай жинаған «Аталанта» Италия чемпионатында 13-орында келеді.