12.11.2025 00:56
Пеп Гвардиола кетуі мүмкін
12.11.2025 00:56
Пеп Гвардиола «Манчестер Ситиден» жақында кетуі мүмкін

Ағылшын басылымы The Times-тың хабарлауынша, «Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола клубтан осы маусым аяқталған соң кетуі ықтимал.
Журналист Пол Хёрсттің мәліметінше, Гвардиола әлі түпкілікті шешім қабылдамаған, бірақ маусым аяқталғаннан кейін кету мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Айта кетсек, Гвардиоланың клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды.