06.06.2026 21:36
Аргентина ойыншысы қатардан шықты
06.06.2026 21:36
«Марсельде» ойнайтын Аргентина құрамасының орталық қорғаушысы Леонардо Балерди қатардан шықты

27 жастағы ойыншы жаттығу кезінде бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты Әлем чемпионатына қатыспайды және құрама қосынынан кетті. Қазір бас бапкер Лионель Скалони оның орнына ойыншы іздеп жатыр.
Айта кетейік, «альбиселесте» J тобында Алжир, Аустрия және Иорданиямен сынға түседі. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.