06.06.2026 20:01

Бельгия Тунисті ірі есеппен жеңді

06.06.2026 20:01

Бельгия жолдастық кездесуде өз алаңында Тунисті 5:0 есебімен тізе бүктірді

Брюссельде өткен матчта Леандро Троссард, Шарль де Кетеларе, Кевин де Брюйне, Доди Лукебакио және Николас Раскин гол соқты.

«Қызыл сойқандар» биылғы мундиальда G тобында Египет, Иран және Жаңа Зеландиямен ойнайды. Ал Тунис F тобында Жапония, Швеция һәм Нидерландпен сынға түседі.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram