06.08.2026 21:07

Аргентина құрамасының ойыншысы «Байерге» ауысады

06.08.2026 21:07

Факундо Медина «Байер» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап ауызша келісімге келді. Леверкузеннің клубы 27 жастағы Аргентина құрамасының қорғаушысын «Марсельден» 23 миллион еуроға сатып алады. Сондай-ақ бонус ретінде қосымша тағы екі миллион төлейді.

Ал Санти Ауна мен L'Equipe берген мәліметке сенсек, қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.

«Марсель» Мединаны өткен жазда «Ланстан» 18 миллион еуроға сатып алған еді. Ол содан бері 17 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram