06.08.2026 20:49

Родри «Барселонаға» ауысуға келісімін берді

06.08.2026 20:49

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри «Барселонаға» ауысуға жақын

Маттео Мореттоның хабарлауынша, Родри жаңа ғана нақты шешім қабылдап, Каталонияның клубына ауысуға келісімін берді. «Блауграна» енді футболшының өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатыр және «Манчестер Ситиге» алғашқы ұсынысын жолдауға дайын.

Ал Diario AS журналисі Хосе Феликс Диастың мәліметіне сенсек, трансфер құны шамамен 60 миллион еуроны құрайды екен. 2024 жылғы «Алтын доп» иегері «Барселонамен» 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа отырады деп күтілуде. Mundo Deportivo мәліметінше, Родри «Манчестер Ситиге» оралмай тұрып, яғни 13 тамызға дейін трансфер мәселесі шешілгенін қалайды.

30 жастағы Испания құрамасының дүлдүлі биылғы Әлем чемпионатында үздік ойыншы атанған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram