06.08.2026 17:16
Салах «Трабзонспор» ойыншысы атанды
06.08.2026 17:16
Мұхамед Салах «Трабзонспор» ойыншысы атанды

Қос тарап 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Салах Трабзонның клубына еркін агент ретінде қосылды. Ал жалақысы жылына 17 миллион еуроны құрайды екен.
Салахтың соңғы клубы «Ливерпуль» болды. 34 жастағы Египет құрамасының вингері Мерсисайд клубының намысын 2017 жылдан бері қорғады. Оған дейін «Рома», «Челси», «Фиорентина» және «Базельде» ойнаған.