06.08.2026 16:53
«Ливерпуль» топ-қорғаушы алмақ
06.08.2026 16:53
«Астон Вилла» қорғаушысы Эзри Конса «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

Mirror Football хабарлауынша, Мерсисайд клубының бас бапкері Андони Ираола қорғаныс шебін күшейтуді көздейді және Консаға көз салып отыр. Сондай-ақ Эзриге «Арсенал» қызығушылық білдірген. Ал «Астон Вилла» ойыншысын 60 миллион фунт стерлингке (70 миллион еуро) бағалайды.
28 жастағы Англия құрамасының ойыншысы өткен маусымда 48 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.