06.08.2026 13:42

Ромеро «Атлетикоға» ауысуға жақын

06.08.2026 13:42

«Тоттенхэм» қорғаушысы Кристиан Ромеро «Атлетикоға» ауысуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, Ромеро «матрасшылармен» 2030 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі болады екен. Ал жылына алатын жалақысы алты миллион еуроны құрайды.

Енді «Атлетико» «Тоттенхэммен» келіссөз жүргізіп жатыр. Лондонның клубы ойыншысын 40-45 миллион еуроға сатуға дайын.

28 жастағы Аргентина құрамасының ойыншысы «Тоттенхэм» намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Ол өткен маусымда 32 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram