06.08.2026 13:30

Родри «Реалға» ауыспайды: келіссөз тоқтап қалды

06.08.2026 13:30

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри «Реалға» ауыспайды

Sport хабарлауынша, «Реал» мен Родри арасындағы келіссөз тоқтап қалды. Родридің өзі төрт жылға жарамды келісімшартқа қол қоюға дайын болған, бірақ Мадрид клубының ұсынысы оның көңілінен шықпады. Енді Родридің «Реалға» ауысуы неғайбыл.

Ал The Athletic мәліметіне сенсек, осыған байланысты «Барселона» іске кірісіпті. Каталонияның клубы 2024 жылғы «Алтын доп» иегерін қатарға қосу үшін барын салып жатыр. «Блауграна» тіпті Родридің өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізген екен. «Барселона» оны оң жақ тізесінің сіңірін зақымдап алып, 5-6 айға қатардан шыққан Френки де Йонгтың орнына қарастырып отыр.

30 жастағы Испания құрамасының дүлдүлі биылғы Әлем чемпионатында үздік ойыншы атанған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram