06.08.2026 13:08

Винисиус «Реалмен» келісімге келді

06.08.2026 13:08

«Реал» вингері Винисиус Жуниор клубта қалады

Рамон Альварес де Монның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты ұзарту жөнінде толыққанды келісімге келді.

Ал Пепе Альварес берген ақпаратқа сенсек, Мадридтің клубы Винисиуспен келісімшартты ұзартқанын және «Лейпцигтен» Ян Диомандты алғанын бүгін-ертең ресми түрде хабарлайды екен.

Винисиус «бланкос» қатарына 2018 жылы «Фламенгодан» 45 миллион еуроға келіп қосылған еді. 26 жастағы бразилиялық ойыншы өткен маусымда 53 матчта 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram