05.08.2026 23:29
Маттиас Яйссле «Ньюкаслды» тізгіндеді
05.08.2026 23:29
Маттиас Яйссле «Ньюкасл» бас бапкері атанды

Қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Осылайша 38 жастағы неміс маманы «Ньюкаслды» 2021 жылдан бері жаттықтырып келген Эдди Хаудың орнын басты.
Яйссле 2023 жылдан бері Саудияның «Әл-Ахли» клубын баптап келді. Ол оған дейін «Зальцбургке» де тәлімгер болған.