05.08.2026 23:15
«Реал» Винисиуске «майлы» келісімшарт ұсынды
05.08.2026 23:15
Винисиус Жуниор «Реалда» қалуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап бүгін өте сәтті келіссөз жүргізіпті. Мадридтің клубы Винисиуске жақсы жалақымен жаңа келісімшарт ұсынды және ойлануға аз ғана уақыт берді. Бұған бас бапкер Жозе Моуринью да араласып, басты ойыншысын командада қалдыру үшін барын салып жатыр.
«Бланкос» 26 жастағы бразилиялық ойыншыны 2018 жылы «Фламенгодан» 45 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 53 матчта 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Винисиустың қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымында аяқталады.