05.08.2026 21:03
Томиясу «Кристал Пэлас» ойыншысы атанады
05.08.2026 21:03
Такехиро Томиясу «Кристал Пэлас» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 27 жастағы жапониялық қорғаушы Лондонның клубына еркін агент ретінде қосылады және алдағы 48 сағатта келісімшартқа қол қояды.
Сондай-ақ «қырандар» «Челси» қорғаушысы Аксель Дисасиді қатарына қосуға жақын. «Кристал Пэлас» оны сатып алу құқығымен жалға алғысы келеді. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр.
Томиясудың соңғы клубы «Аякс» болды. Ол өткен маусымда тоғыз матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. Ал оған дейін «Арсенал» мен «Болоньяда» ойнаған.