05.08.2026 18:37
«Милан» мен «Интер» тең тарқасты
05.08.2026 18:37
Жолдастық кездесуде «Милан» мен «Интер» өзара жеңімпазды анықтай алмады

Аустралияның Перт қаласындағы «Оптус» стадионында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Ойынның 53-минутында «Интер» қорғаушысы Федерико Димарко есеп ашса, 84-минутта «Милан» шабуылшысы Кристофер Нкунку пенальтиден таразы басын теңестірді.
Қос команда да келесі матчын 8 тамыз күні өткізеді. «Россонерри» «Челсимен» күш сынасса, «нерадзурри» «Ювентуспен» шеберлік байқасады.