05.08.2026 17:20

«Барселона» ойыншысы мансабын АПЛ-де жалғауы мүмкін

05.08.2026 17:20

«Барселона» жартылай қорғаушысы Марк Берналь «Астон Виллаға» ауысуы мүмкін

The Sun хабарлауынша, Бирмингемнің клубы Берналь үшін 30 миллион фунт стерлинг (35 млн еуро) көлемінде ұсыныс жасауға дайын. «Арыстандардың» бас бапкері Унаи Эмери Марктың ойынына тәнті және оны өз командасында көргісі келеді. Сондай-ақ «Манчестер Сити» 19 жастағы испаниялық ойыншыны «Реалға» ауысуға жақын тұрған Родридің орнына қарастырып отыр.

Ал «Барселона» жас жұлдызын сатуға үзілді-кесілді қарсы. Осыған дейін «блауграна» Берналь үшін 25 миллион фунт стерлинг (29 млн еуро) ұсынған клубтардың бетін қайтарыпты.

Берналь – «Барселонаның» төл түлегі. Ол өткен маусымда 33 матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram