05.08.2026 14:56

«Манчестер Юнайтед» ойыншысы «Сельтаға» ауысады

05.08.2026 14:56

Алтай Байындыр «Сельта» қақпашысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «кельттер» оны «Манчестер Юнайтедтен» төрт миллион еуроға сатып алу құқығымен бір маусымға жалға алды. Байындыр жақында медициналық тексерістен өтіп, келісімшартқа қол қойды.

Манкуниандықтар 28 жастағы түрік голкиперін 2023 жылы «Фенербахчеден» бес миллион еуроға сатып алған еді. Ол содан бері 17 матчта 31 гол өткізіп, үш ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram