05.08.2026 14:29

Лукаку «Наполиден» кетеді

05.08.2026 14:29

«Наполи» шабуылшысы Ромелу Лукаку жақында клубтан кетеді

Осыған байланысты ол Неаполь клубының маусымалды оқу-жаттығу жиынынан тыс қалды. Лукаку осы айда клуб ауыстыруы мүмкін.

Фабрицио Романоның хабарлауынша, оны MLS командасы «Атланта Юнайтед» өз қатарына қосқысы келеді. Сондай-ақ Ромелуды алғысы келетіндердің қатарында «Нью-Йорк Сити», «Аякс» және «Монако» бар.

«Наполи» Ромелуды 2024 жылы «Челсиден» 30,7 миллион еуроға сатып алған еді. 33 жастағы бельгиялық форвард өткен маусымда жарақатына байланысты тек жеті матч өткізіп, бір гол соқты. Ол сондай-ақ «Рома», «Интер», «Манчестер Юнайтед», «Эвертон», «Вест Бромвич» және «Андерлехтте» ойнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram