05.08.2026 13:47
Салах «Трабзонспор» ойыншысы атанады
05.08.2026 13:47
Мұхамед Салах «Трабзонспор» ойыншысы атануға жақын

34 жастағы мысырлық вингер 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою үшін ат басын Түркияға бұрды. Ол Трабзонның клубына еркін агент ретінде қосылды. Ал жалақысы жылына 17 миллион еуроны құрайды екен.
Салахтың соңғы клубы «Ливерпуль» болды. Мұхамед Мерсисайд клубының намысын 2017 жылдан бері қорғады. Оған дейін «Рома», «Челси», «Фиорентина» және «Базельде» ойнаған.