05.08.2026 16:50
Зиркзее «Ювентуске» ауысуға дайын
05.08.2026 16:50
«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Джошуа Зиркзее Италия А Сериясына оралуы мүмкін

Маттео Мореттоның хабарлауынша, оған «Ювентус» қызығушылық білдірді. Қазір қос клуб келіссөз жүргізіп жатыр. Ал Зиркзеенің өзі Туриннің клубына ауысуға дайын. Манкуниандықтар форвардын 35-40 миллион еуроға бағалап отыр.
«Қызыл сойқандар» Зиркзеені 2024 жылдың жазында «Болоньядан» 42,5 миллион еуроға сатып алған еді. 25 жастағы Нидерланд құрамасының форварды өткен маусымда 26 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.