31.07.2026 14:08
Арне Слот «Әл-Ахли» бас бапкері атануы мүмкін
31.07.2026 14:08
Арне Слот «Әл-Ахли» бас бапкері атануы мүмкін

TalkSPORT хабарлауынша, Саудияның клубы Слотты жақында «Ньюкаслға» кететін Маттиас Яйссленің орнына басты үміткер ретінде қарастырып отыр. «Әл-Ахли» Арнемен келіссөз жүргізіп көрмек, егер оны алу мүмкін болмаса назарын «Ноттингем Форест» пен «Вулверхэмптонның» бұрынғы бапкері Витор Перейраға бұрады екен.
47 жастағы Нидерланд маманы 30 мамырдан бері жұмыссыз жүр. Оның соңғы клубы «Ливерпуль» болды. Оған дейін «Фейеноорд» пен «АЗ Алкмарды» жаттықтырған. Слот бұған дейін «Фулхэм», «Милан» және Нидерланд құрамасының ұсынысынан бас тартты.