10.12.2025 08:45
Арне Слот ашулы
10.12.2025 08:45
Арне Слот: «Бұдан артықты сұраудың қажеті жоқ»

«Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот «Интерді» (1:0) жеңгеннен кейінгі Чемпиондар лигасындағы матч жайлы пікір білдірді.
«Бұл ойыншылар тамаша мінез көрсете алған кезекті жағдай. Біз тең түспей, жеңіске жете алдық. Он күнде төртінші ойын. Жалпы футболда жиі кездесе бермейді, ал жеті күнде үш матч - бұл да көп. «Интер» секілді мықты команданы жеңдік. Бұдан артықты сұраудың қажеті жоқ», - деді Слот.
Сонымен қатар маман ойын басталмас бұрын жанкүйерлердің оның құрметіне жасаған қошеметіне де риза болғанын жеткізді.