10.12.2025 03:08
«Челси» сырт алаңда жеңіліп қалды
10.12.2025 03:08
Чемпиондар лигасының 6-туры аясында «Челси» сырт алаңда «Аталантаға» есе жіберді

Бергамода өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Джанлука Скамакка мен Шарль де Кетеларе мергендік танытты. Ал Лондон клубының жалғыз голын Жоао Педро соқты.
Осылайша еншісінде 10 ұпайы бар «Челси» турнир кестесінде 11-орынға жайғасты. Энцо Маресканың шәкірттері келесі турда 22 қаңтар күні «Пафосты» қабылдайды.