10.12.2025 02:55

«Барселона» камбэк жасады

10.12.2025 02:55

Чемпиондар лигасының 6-туры аясында «Барселона» өз алаңында «Айнтрахттан» басым түсті

«Камп Ноу» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. 21-минутта Ансгар Кнауфф гол соғып, есеп ашқан еді. Алайда оған 50 және 53-минуттарда Жюль Кунде дубльмен жауап қайырды.

Осылайша 10-ұпайын қанжығалаған «блауграна» турнир кестесінде 13-орынға көтерілді.

Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 22 қаңтар күні «Славия Прагаға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram