22.11.2025 15:20

Арне Слот Жотаны еске алды

22.11.2025 15:20

Арне Слот: «Ливерпульге Диогу Жотаның ойыншы ретінде де, адам ретінде де жетіспейтіні анық»

«Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот команда шабуылшысы Диогу Жотаның қазасына байланысты пікір білдірді. Оның жоқтығы клуб үшін де, команда ішіндегі атмосфера үшін де қиын екенін жеткізді.

Слоттың айтуынша, Жота тек маңызды голдарымен немесе шешуші сәттердегі ойындарымен ғана емес, мінезімен де команда үшін ауадай қажет ойыншы болған:

«Біз «Ноттингем Форестпен» ойнаймыз. Өткен маусымда оларға 0:1 есебімен жеңіліп жатқанда, Жота бар-жоғы бір минут ішінде есепті теңестіріп берген. Бұл оның шешуші рөлін көрсететін сәттердің бірі. Биыл біз өткен маусымдағыдай камбэктер жасай алмай жатырмыз. Мұның өзі оның команда үшін маңызды екенін дәлелдейді» деді бас бапкер.

Диогу Жота 2025 жылдың шілде айының басында Испанияда болған жол апатында бауыры Андре Тейшейра да Силвамен бірге қаза тапқан еді. Бұл оқиға «Ливерпуль» жанкүйерлерін ғана емес, футбол әлемін де терең қайғыға салды.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram