22.11.2025 13:07
«Барселона» ойыншысы ат басын Саудияға бұруы мүмкін
22.11.2025 13:07
«Барселона» қорғаушысы Андреас Кристенсен мансабын Сауд Арабиясында жалғастырмақ

Diario Sport хабарлауынша, 29 жастағы футболшы келер жазда еркін агент атануы мүмкін. Осыған байланысты Таяу Шығыстан жақсы бір ұсыныс түссе, оны қабылдауға әзір екен.
Дат ойыншысы осы маусымда 10 ойынға қатысып, нәтижелі әрекет жасай алмады. Оның Каталония клубымен келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды.