22.11.2025 12:19

Обамеянг 400-голын соқты

22.11.2025 12:19

«Марсель» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг Франция Бірінші лигасындағы «Ниццаға» (5:1) қарсы ойында бір мәрте қақпа саңылауын тапты

Осылайша ол мансабындағы голдарының санын 400-ге жеткізді.

36 жастағы футболшы «Марсель» сапында – 36, «Әл-Кадисияда» – 21, «Челсиде» – 3, «Барселонада» – 13, «Арсеналда» – 92, «Боруссия Дортмундта» – 141, «Сент-Этьенде» – 41, «Монако» мен «Лилльде» – 2, «Дижонда» – 10 және Габон құрамасында – 39 рет мергендік танытқан. Оған 400 голды соғу үшін 824 матч қажет болды.

Айта кетейік, Обамеянг осы маусымда 15 ойынға қатысып, алты гол мен сегіз нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram