21.11.2025 23:21
Силва «Миланға» оралады
21.11.2025 23:21
41 жастағы Тиаго Силва «Миланға» қайтуы мүмкін

La Repubblica хабарлауынша, «Флуминенсе» клубының қорғаушысы Тиаго Силваның «Миланға» оралу мүмкіндігі бірнеше аптадан бері талқыланып келеді. Егер келісім жүзеге асса, ол қаңтар айында ауысуы мүмкін.
Клуб оның лидерлік қасиеттері мен мол тәжірибесіне сенеді және жасына қарамастан жоғары деңгейде ойнай алатынын атап өтті. Силва 22 қыркүйекте 41 жасқа толды.
«Милан» ішінде бұл мәселеге қатысты түрлі пікір бар. Біреулер трансферді қолдайды, ал енді бірі оның уақыты өтті деп есептейді. Трансферді қолдаушылар Лука Модрич пен Златан Ибрагимович сияқты жасы үлкен, бірақ жоғары деңгейде ойнайтын футболшыларды мысалға келтірген.