22.11.2025 12:42

Йылдыз «Арсеналға» ауысуы мүмкін

22.11.2025 12:42

«Ювентус» шабуылшысы Кенан Йылдыз «Арсеналға» ауысуы мүмкін

Caught Offside пен Indykaila-ның хабарлауынша, 20 жастағы футболшының агенті Жорже Мендеш жақында Лондон клубының өкілдерімен кездесіпті. Жүздесу барысында Йылдыздың трансфері жайлы сөз болған екен.

Сондай-ақ Түркия ойыншысына «Манчестер Юнайтед», «Челси» және «Реал» қызығушылық танытып отыр.

Айта кетейік, Йылдыз осы маусымда 18 ойында алты гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram