12.04.2026 19:11
«Арсенал» бапкер ауыстыруы мүмкін
12.04.2026 19:11
Микель Артета маусым соңында «Арсенал» бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін

Mundo Deportivo хабарлауынша, Артета биыл командамен Ағылшын Премьер-лигасын немесе Чемпиондар лигасын жеңе алмай қалса оны басшылық орнынан алып тастайды. Егер Артета кетсе, оның орнын басуға «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы және «Комоның» қазіргі бапкері Сеск Фабрегас басты үміткер болады екен.
44 жастағы испан маманы Лондонның клубын 2019 жылдан жаттықтырып келеді. 32 турдан кейін 70 ұпай жинаған «зеңбірекшілер» Ағылшын Премьер-лигасында көш бастап тұр.