19.09.2026 21:03
«Арсенал» ірі есеппен жеңілді
19.09.2026 21:03
Ағылшын Премьер-лигасының 5-турында «Арсенал» сырт алаңда «Брайтонға» 0:3 есебімен есе жіберді

«Амекс» стадионында өткен кездесуде Паскаль Гросс, Харалампос Костулас және Чема Андрес мергендік танытты.
Осылайша «зеңбірекшілер» маусымда алғаш рет ұпай жоғалтты. Қазір Лондонның клубы live-турнир кестесінде 12 ұпаймен екінші орында тұр. Ал «Брайтон» 10-ұпайын олжалап, үшінші сатыға көтерілді.
Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 10 қазан күні «Лидсті» қабылдаса, Фабиан Хюрцеллердің жігіттері «Сандерлендке» қонаққа барады.