16.12.2025 12:24
«Арсенал» ойыншысы қатардан шықты
16.12.2025 12:24
«Арсенал» қорғаушысы Бен Уайт жарақат алды

28 жастағы Англия футболшысы тізе асты сіңірін зақымдап алыпты. Осыған байланысты 4-6 апта көлемінде командасына көмектесе алмайды.
Бұл Беннің мансабындағы сегізінші жарақаты болды. Бұған дейін 176 күні емделуге кетіп, 34 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 11 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, 16 турдан 36 ұпай жинаған «Арсенал» Ағылшын Премьер-лигасында көш бастап тұр.