16.12.2025 09:52
«Борнмут» рекорд орнатты
16.12.2025 09:52
Ағылшын Премьер-лигасының 16-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Борнмутпен» тең тарқасты

«Олд-Траффордта» өткен кездесуде 4:4 есебі тіркелді. Осылайша «шиелер» аталған стадионда қатарынан үш АПЛ матчында 3+ гол соққан тарихтағы алғашқы клуб атанды.
Бұған дейін олар сырт алаңда МЮ-ді 2024 және 2023 жылдың желтоқсан айларында 3:0 есебімен тізе бүктірген еді.
Айта кетейік, турнир кестесінде «қызыл сойқандар» 26 ұпаймен алтыншы орында келеді. 21 ұпайы бар «шиелер» болса 13-сатыға жайғасқан.